Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Балғынбек Имаштың Денис Тенге арнаған арнауы елді жылатты

Опубликовано:

Балғынбек Имаштың 25 жасында қапияда кісі қолынан қаза тапқан Денис Тенге арнаған арнау жолдары елді жылатты деп жазады NUR.KZ.

Балғынбек Имаш, Денис Тен. Фото-коллаж: NUR.KZ
Балғынбек Имаш, Денис Тен. Фото-коллаж: NUR.KZ: UGC

Ақын әлеуметтік желіде толып кеткен Денистің қазасы жайлы ақпараттан соң, шыдап отыра алмаған.

"Айна кетті, ұрланып, айна кетті,

Қанішерлер көлікті майдан етті.

Айна көлдің айналған Айнасына,

Алашымның Денисі қайда кетті?

***

Әй, қарақшы, ұрлық жеп, май кекірген.

Денис - қазақ, әлемге әйгі етілген.

Жер жүзіне танымал ерді өлтіріп,

Ел жүзіне қарайсың қай бетіңмен?

***

Сақшы да ортақ болмаса несібеге,

Ұрлықшылар соншалық есіре ме?

Алла - Ғаффар, бірақ, Ол - Әділетті,

Кісі ақысын жегенді кешіре ме?

***

Сататындар базарда ұрлықы зат,

Түсірдіңдер жүрекке түрлі сызат!

Қалай жауап бересің, Алла алдында,

Саған қарсы сөйлейді күллі құжат?!!

***

Қылмыскерлер қырып жүр айналаңды,

Ар-иман мен "Ата Заң" қайда қалды?

Өз ерлерін өзге емес өзі өлтіріп,

Қазақ неге соншалық майдаланды", - деп жазған ақын көз жасына ерік бергенін жасырмады.

Айта кетейік, 19 шілде күні қаза тапқан Денис Теннің денесі, 21 шілде күні "Дружба" ауылындағы зиратқа қойылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1743571-balgynbek-imasty-denis-tenge-arnagan-arnauy-eldi-zylatty/

pixel