Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жыныстық қатынасқа қай уақытта түсуге болмайды?

Опубликовано:

Төсек қатынасын қалап тұрсаңыз да, өзіңізді тежеп ұстайтын сәттер болады. Жыныстық қатынастан өзін тыйып ұстауды қажет ететін кезеңдер жайлы cosmo.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ порталы хабарлайды.

Фото: CHOIZ
Фото: CHOIZ: UGC

Көпшілік біле бемейтін болуы керек, бірақ бала көтеруге қарсы спиральді алдырғаннан соң 4-5 күн бойы жыныстық қатынасқа түсуге болмайды екен.

Сондай-ақ гинекологқа анализ тапсырғаннан кейін, бас дәрігердің қабылдауына барғанша жыныстық қатынасқа түсуден тыйылуыңыз керек. Себебі, жатырыңызға түскен ұрық, оның қышқылы мен бактерияларын өзгертіп жіберуі мүмкін.

Сондай-ақ отадан соң да төсек қатынасына түсуге де болмайды. Себебі, әйел адамның жыныс жолдары қабынумен қатар қан кетуі де мүмкін. Мұндай уақытта бір айға жуық уақыт бойы өзіңізді сабырға шақырғаныңыз абзал.

Дәрігерлер бала босанғаннан соң да бір айдан аса уақыт күтінуге кеңес береді. Қазақтың салт-дәстүрінде де нәресте 40-нан шыққанша әйел адамға ерімен жақындасуға тыйым салынады. Бұл біріншіден әйелдің толық тазармаған уақыты болса, екіншіден жас ананың жыныстық жолдарының қалпына келуімен байланыстырылады.

Жатырға бала біткенде немесе етеккіріңіздің келмегеніне 10 күндей уақыт болса, алдымен гинекологпен ақылдасып алғаныңыз жөн. Себебі, құрсаққа сәби бітсе, төсек ләззаты сіз үшін қауіпті болуы мүмкін.

Сондай-ақ жыныстық безде, жыныс мүшесінде өзгерістер мен қызарулар, бөртпе секілдіні байқаған адам төсек қатынасын дереу тоқтатуы керек. Арнайы тексерістен өтіп, маманмен кеңескеннен кейін ғана жыныстық қатынасқа түсіңіз. Бұл өзіңіздің және екінші жартыңыздың денсаулығы үшін маңызды.

Мамандар, етеккір келген күні де төсек ләззатын ойламауға кеңес береді. Әйелдің гормондары бұл күні көбейіп, сүйгенімен төсекте табысуды ойласа да, бұл жатыр мойыны үшін қауіпті болып саналады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1743632-zynystyk-katynaska-kaj-uakytta-tsuge-bolmajdy/

pixel