Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкенттіктермен құда болған семейлік зейнеткер оңтүстіктің тойынан шошып қайтты

Опубликовано:

Семейлік зейнеткер Түркістанға тойға барып, жаға ұстап қайтқанын баяндап берді. Айтуынша, Түркістанмен құда болған оларға тойға қатысты әдет-ғұрыптар "тым ерсі" көрініпті. Өкініштісі құда болып барған семейліктерге екінші тарап сарқыт салуға да жарамапты деп жазады NUR.KZ.

Көрнекі фото: comode.kz
Көрнекі фото: comode.kz: UGC

Семейлік Күлғайша есімді зейнеткердің туған інісі осыдан біраз жыл бұрын түркістандық бойжеткенке үйленіп, оңтүстікпен құда болған екен. Бастапқыда салт-дәстүрге қатысты айтарлықтай өзгеріс көрмеген ол, "қызықтың бәрі" тойда басталды дейді.

"Ол жақты жамандағаным емес, бірақ дәстүр жағынан екі өңір жақта біраз айырмашылықтар бар екен. Біріншіден, қазақта той малы деген бар, соған олар "атасының құнын" сұрайтын көрінеді. Бізде той малына аты айтып тұрғандай жылқы атайды, ол жақта кәдімгідей қып-қызыл сауда екен. Теңгемен емес, долларлап сұрайды. "Мұнша ақшаны қайтесіздер?" десек, "қыздың жасауына керек" деп салды. Бір қызық айтайын, олар осылай өзге аймақтармен құда болғанда той малдың ақысын көптеп сұрайды екен. Ал өздері ішінара құдандалас болғанда, "ставкалары бар", бұлай "шарықтатпайтын" көрінеді. Қысқасы қып-қызыл сауда болып тұр. Ал, бізден қыз алғанда, керісінше, аз-маз ақшамен алдай салады екен. Мақтанғаным емес, бірақ біздің жақта ақшадан бұрын, ұят пен намысты алдыңғы орынға қояды. Қыздарымызды бұлай ашықтан-ашық, ешқашан саудаға салып көрмеппіз", - дейді қария.

Сонымен бірге ол, түркістандықтардың сарқыт беруге келгенде "сараң" келетінін жайып салды.

"Сарқыт салуға келгенде де дәл солай, сөмкемізге өздерінің екі күлше нандары мен құр су салып бергенінің куәсі болдық. Семейде тойдан соң, келген қонақтардың бәріне кәдімгі целлофан пакет таратады. Ондағысы дастарханнан қалған тамақты ысырап қылмай, үйлеріне сарқыт ретінде әкетсін деген ой ғой. Бұларда қалай? Той біткен соң, бүкіл тәтті-дәмдіні өз үйлеріне тасып, тіпті, құда боп барған бізге бір түйір конфет, сарқыт салып бере алмады.
Әрине, әр елдің салты басқа, заңы қара қасқа дейді. Бірақ, осыншалықты "тар" болудың қажеті жоқ деп ойлаймын. Келініміз, құдайға шүкір, жаман емес, десе де пысықтығы мен қулығы да бар. Біз жақты білмеймін, төркініне келгенде сөмке-сөмке тарту-таралғы беріп жатқанын талай рет көрдік. Баламыз үшін, қайтесің, бәріне көз жұма қарап, көнесің. Мәселе дүние-мүлік ақшада да емес, тек құда-жекжат ретінде сыйластық танытса болғаны", - деді әжей.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1744223-symkenttiktermen-kda-bolgan-semejlik-zejnetker-otstikti-tojynan-sosyp-kajtty/

pixel