Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ер адамдардың төсектес болған аруларының санын не үшін жасыратыны белгілі болды

Опубликовано:

Англиядағы Глазго университетінің ғалымдары ер адамдардың төсектес болған әйелдерінің санын әдейі емес, шынымен де ұмытып қалғандықтан естеріне сақтай алмайтындықтарын дәлелдеді. Ал, әйел адамдар болса өздерінің төсектегі серіктерін ешқашан ұмытпайтын көрінеді. Бұл туралы Ox.Az сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Көрнекі сурет: SteemKR
Көрнекі сурет: SteemKR: UGC

Сауалнама нәтижесі көрсеткендей, орта есеппен ер адамдар төсектес болған 14 серіктері жайлы айтса, әйелдер тек жетеуін ғана айтатын көрінеді. Ер адамдар айтатын сандардың ішіндегі ең көбі 110 және одан жоғары екен, ал әйелдер тек елуін ғана айтатын болып шықты.

15 мың адамның арасынан жүргізілген зерттеу нәтижесінде ер адамдардың төсектегі серіктерінің санын ойша айта салатындары, ал әйелдердің нақты санмен айтатыны анықталған.

Зерттеуге қатысқан 17,5% ер азаматтар бір түндік серіктермен төсектес болған дұрыс деп есептейді, ал әйелдердің 9,3% ғана осы пікірмен келісетін болып шықты.

Ер адамдар бәрін таңғалдыру мақсатында жыныстық қатынаста болған әйелдерінің санын әдейі арттырып көрсететін көрінеді, ал әйел адамдар сөзге қалмас үшін көбейтіп айтпайды екен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1744345-er-adamdardy-tsektes-bolgan-arularyny-sanyn-ne-sin-zasyratyny-belgili-boldy/

pixel