Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бес жасар нигериялық қыз әлемнің ең сұлу аруы атанды

Опубликовано:

Бес жасар нигериялық қыз әлемнің ең сұлу аруы атанды. Джэйр есімді бүлдіршіннің суреттерін фотограф Мофе Бамуива өз Instagram парақшасында жариялады деп хабарлайды metronews.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Жақында фотограф Мофе Бамуива өз Instagram парақшасында Джэйр есімді кішкентай қыздың суреттерін жариялады. Бес жасар арудың қуыршақтай бейнесі желі қолданушыларын таң қалдырып, ағылшын БАҚ өкілдерінің назарына ілінді.

Джэйр камера алдында өзін еркін ұстап, объективке тіре қараған. Фотографтың айтуынша, бүлдіршіннің моделдік тәжірибесі жоқ.

Ал "тірі қуыршаққа" таңданған желі қолданушылары Мофенің фотошоп қолдануы мүмкін екенін айтып, тіпті, жасанды шаш кигізіп қойған деп күмәнданған.

Қыздың суретін жариялаған фотограф кәсіби түрде жұмыс істейді. Мофе Джэирдің анасына Instagram ашуды да ұсынған екен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1744423-bes-zasar-nigerialyk-kyz-lemni-e-slu-aruy-atandy/

pixel