Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Денис Теннің ісі бойынша үшінші күдікті бойжеткен болып шықты

Опубликовано:

Денис Теннің өліміне қатысты үшінші күдікті бойжеткен болып шықты. Жанар Толыбаева екі айға қамауға алынған деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сотталушы. Көрнекі фото: bryansktoday.ru
Сотталушы. Көрнекі фото: bryansktoday.ru: UGC

Алматы қалалық сотының баспасөз қызметінің мәліметінше, ұсталған адамға қатысты екі айға қамау туралы бұлтартпау шарасы қолданылды.

Қылмыстық кодекске сәйкес, болған немесе жоспарланған қылмыс туралы ақпаратты уақтылы хабарламағаны үшін күдікті 14 млн 400 мың теңге айыппұл төлеуі немесе алты жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Сондай-ақ, бойжеткен Қылмыстық кодекстің 188-бабы ұрлық жасағаны үшін айыпталуда. Оның аталған бап бойынша кінәсі дәлелденсе, ол 2 млн 405 мың айыппұл төлейді немесе үш жылға дейін сотталады.

Еске салсақ, Бас прокуратура спортшы Денис Теннің өліміне қатысты үшінші адамның ұсталғаны туралы хабарлаған болатын.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1744473-denis-tenni-isi-bojynsa-sinsi-kdikti-bojzetken-bolyp-sykty/

pixel