Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда порно көрген автобус жүргізушісі масқара болды

Опубликовано:

Әлеуметтік желілерде көлік айдап келе жатып порно көрген автобус жүргізушінің видеосы пайда болды. Көпшілік жұмысына жауапкершілікпен қарамайтын ер адамды ерсіз қылығы үшін сынап тастады деп жазады NUR.KZ.

Фото: bnews.kz
Фото: bnews.kz: UGC

Бейнежазба krispi_p_brothers Instagram парақшасына жүктелген. Роликте автобусты жүргізіп келе жатқан ер адамның ұятсыз видео көріп отырғаны байқалады.

Желі қолданушылар бейнежазбаны көре сала ашуға бой алдырған. Олар қоғамдық көлік жүргізіп келе жатып басқа нәрсеге көңіл аударған жүргізушіні сөгіп тастады. Олардың айтуынша, осы әрекеттерінің салдарынан автобустар жол апатына жиі түсіп тұрады.

Оған қоса, жүргізуші ұятсыз видео көргені үшін де сөзге қалды.

"Қоғамдық көлікке кішкентай балалар да отырады ғой. Мынау деген сұмдық", - деп жазды оқырман.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1744974-almatyda-porno-krgen-avtobus-zrgizusisi-maskara-boldy/

pixel