Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Храпуновтар ісі бойынша басты сот отырысы қашан болатыны анықталды

Опубликовано:

Алматы соты Храпуновтар отбасы мен олардың сыбайластарына қатысты істің басты сот отырысы қашан болатынын айтты. Бұл туралы NUR.KZ порталы Sputnik Қазақстан агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Facebook, Виктор және Лейла Храпунова
Фото: Facebook, Виктор және Лейла Храпунова: UGC

Ақпаратқа сәйкес, басты отырыс төрт күнге жалғасады: алтыншы, жетінші, сегізінші және тоғызыншы тамыз күндері. Бұл туралы судья Қасым Қалмағамбетов алдын ала сот тыңдалымы барысында мәлімдеді.

Сот оларға қатысты қылмыстық қудалауды тоқтату туралы сотталушылардың талабын қанағаттандырмады.

Еске салсақ, мұндай өтінішті Храпуновтар ісі бойынша адвокаттар жасап, істің мерзімі ескіргеніне баса назар аударған болатын.

Іс бойынша 10-нан астам фигурант ешқайда кетпеу туралы бұлтартпау шарасына іліккен. Ал Виктор мен Лейла Храпунова – сырттай қамауға алынды.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1744996-hrapunovtar-isi-bojynsa-basty-sot-otyrysy-kasan-bolatyny-anyktaldy/

pixel