Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қытайда жерлеу рәсіміне тыйым салынды

Опубликовано:

Қытайда қолданыстағы жер мөлшерін сақтап қалу мақсатында, ел тұрғындарына марқұмдарды жерлеу рәсіміне тыйым салынып жатыр. Жергілікті билік бұл ретте халық арасында тек "кремация" әдісін қалдыруды жөн санап отыр. Қазірдің өзінде Қытай билігі Цзянси провинциясы тұрғындарынан табыттарды тартып алып жатқан көрінеді. Бұл туралы pravda.ru-ға сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Фото: kaspyi.az
Фото: kaspyi.az: UGC

Қытайдың Цзянси аймағында адамдарды жер қойнына тапсыру рәсіміне тыйым салынып, өңір билігі аймақта кремация әдісін ғана қалдыруды жөн санап отыр. Басылым берген мәліметке сәйкес, адам өлімі болған жағдайда, оның туыстары мәйітті жағып жібергені туралы сертификатты жергілікті атқамінерлерге тапсырулары керек екен. Аймақ аталмыш "жүйеге" бар-жоғы бір айдың ішінде көшіп бітеді деп күтіліп отыр.

Бүгіннің өзінде өңір билігі Ганьчжоу, Цзянь және Ичунь елдімекендері тұрғындарынан табыттарды тартып алған көрінеді. Аталған мәлімет әлеуметтік желілер арқылы таралып кеткен. Одан жергілікті халықтан табыттарды тартып алып, оларды экскаватордың астына тастап жатқанын анық көруге болады екен.

Сонымен бірге, қытайлықтардың табытты алу үшін, өмір бойы 5 мың юань жинағандары белгілі болыпты. Десе де Қытай билігі бүлінген табыттың толық сомасын қайтармай, тұрғындарға тек 2 мың юань қайтарып беріпті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1745103-kytajda-zerleu-rsimine-tyjym-salyndy/

pixel