Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ол қоғам үшін қауіпті": Динара Сатжан өз баласын таспен ұрған ер адамды аяусыз сынап тастады

Опубликовано:

Отандық танымал тележүргізуші "көлік қақан" деп, артынша өз әкесінен опық жегені анықталған баланың оқиғасы жөнінде мәлімдеме жасады деп хабарлайды NUR.KZ.

Скриншот: ІІД, Фото: Instagram
Скриншот: ІІД, Фото: Instagram: UGC

Динара Сатжан өз әкесі басынан таспен ұрып жіберген төрт жасар баланың оқиғасына байланысты пікір білдірді.

"Фейсбукті аштым да, аң-таң болдым. Алматыда жол бойында көлік қағып кетті деп табылған баланы өз әкесі таспен ұрып сол жерде қалдырып кеткен. Екі апта бойы ол журналистер, блогерлер, полицейлер мен барша халыққа өтірік айтып жүрді. Енді міне өз ащы шындығын мойындап отыр.
Мына заман қайда бара жатыр? Әкенің осыншама қайырымсыз әрі арсыз болуына не себеп? Қазір ол ел алдында кешірім сұрап жатыр. Оның кімге керегі бар? Ол тек өз балаларына ғана емес, бүкіл қоғам үшін қауіпті адам", - деп жазған тележүргізуші.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1745390-ol-kogam-sin-kauipti-dinara-satzan-z-balasyn-taspen-rgan-er-adamdy-aausyz-synap-tastady/

pixel