Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қырықаяқты тірідей жеп қойған келіншек ауруханадан бір-ақ шықты

Опубликовано:

Қытайдағы Гуандун аймағындағы ауылдардың бірінде 78 жастағы әжей мен оның ұлы уланып қалып ауруханаға жеткізілген. Анықталғандай, қарт ана мен 46 жастағы ұлы қырықаяқты тірідей жеп қойған деп жазады lenta.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: polsergmich.blogspot.com
Фото: polsergmich.blogspot.com: UGC

Ұйқысы келе беріп әлсірей берген анасы мен баласы уланып жергілікті ауруханаға жеткізілген. Олардың уланып қалуының себебі қырықаяқтар болып шықты.

Бұл оқиғаның арқасында бұған дейін денсаулық үшін пайдалы саналған жәндіктердің нағыз паразит иесі екені дәлелденген. 78 жастағы әйелдің қырықаяқ сатып алатын базарынан олардың бірнеше түрін зерттеуге алынып, жәндіктердің расында да зиянды заттар тасымалдаушы екені расталды.

Қарт ана мен оның 46 жастағы ұлына арнайы альбендазол дәрісі беріліп, олар үш аптадан соң сауығып кеткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1745409-kyrykaakty-tiridej-zep-kojgan-kelinsek-auruhanadan-bir-ak-sykty/

pixel