Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Үшінші дүниежүзілік соғыс басталатын орын аталды

Опубликовано:

Әскери ғылымдар докторы, зымыран мен артиллерия ғылымдарының Ресей академиясы президентінің орынбасары Константин Сивков Үшінші дүниежүзілік соғыс қай жерде басталуы мүмкін екенін айтып берді. Бұл туралы NUR.KZ порталы lenta.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Соғыс. Көрнекі фото: Politonline.ru
Соғыс. Көрнекі фото: Politonline.ru: UGC

Константиннің пікірінше, әскери қақтығыстар діни қарсылықты тудыру арқылы өршіп жатыр.

"Ирак пен Сирия аймағынан бөлінген Күрдтер мемлекетінің бой көтеруі соғыс өртін тұтандыруы мүмкін", - дейді ол.

Маман Түркия секілді елдердің ішкі мәселелерінен азаматтық соғыс басталуы ғажап еместігін алға тартты. Ол АҚШ пен Израиль тарапынан Иранға қарсы басқыншылық басталуы мүмкін екенін де жоққа шығармады.

"Бұл ауқымды жергілікті соғыс болады... Ал Йемендегі соғыс жалғасын табады", - дейді Константин.

Сивков Ауғанстандағы соғысқа да тоқталып өтті. Оның ойынша, бұл соғысқа Қытай араласып, АҚШ бірқатар елге ықпал ете алмай қалуы мүмкін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1745589-sinsi-dniezzilik-sogys-bastalatyn-oryn-ataldy/

pixel