RU
Құрбыларының көлеңкесінде жүрген қыз жұрт тамсанар аруға айналып кетті
Жаңалықтар Калейдоскоп

Құрбыларының көлеңкесінде жүрген қыз жұрт тамсанар аруға айналып кетті

Рассказать Вконтакте

Оливия Пирсон мектеп қабырғасында ел көзіне ілінбейтін бойжеткендердің бірі болатын. Алайда, қазіргі кезде бұған сену өте қиын. Себебі мінсіз мүсінге ие болған ару бүгінде ерлер қауымын өзіне ессіз ғашық етуде деп жазады NUR.KZ.

Instagram кеңістігінде аса танымал бойжеткен өзінің мінсіз мүсініне қол жеткізуде біраз тер төккен. Мектеп қабырғасында өзімен қатарлас болған қыздардың қасында ол өзін артық сезінетін.

Өзге қыздардың қасында өзін үнемі ұсқынсыз санайтын ұялшақ Оливия 15 жасында алдына мақсат қойып, оны жүзеге асыруға білек сыбана кірісті.

Бірден жаттығу залы мен биге жазылып бойжеткен мінсіз мүсініне ғана емес, өзіне деген үлкен сенімділікке ие болды.

Жасөспірім кезінде құрдастарының мазағы болған қыз өзгеріп, жігіттер қызығар аруға айналды.

Бұрындары ұялшақ болған Оливия аса қайсарлы әрі көрікті қыз болып кеткен.

Бойжеткен мектеп бітірген соң, сән әлеміне қадам басты. Ол модельдік мансапты таңдап бір жыл бойы өте аз пайда тауып жүрді. Алайда, үнемі алдына қойған мақсаттарға қол жеткізетін Оливия бір жыл бойы қиналып, нәтижесінде ғарыштық жетістікке жетті.

Ол өз агентінің ерең еңбегінің арқасында әлеуметтік желілерде танымал болып, беделді басылымдардың түсірілімдеріне шақыртулар ала бастады.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
3
2
2
1
1
24
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel