Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Үш жылдан бері жыныстық қатынасқа түспеген әйел күйеуін сотқа берді

Опубликовано:

Хайф равинаттық соты отбасылық міндеттерге байланысты ерекше істі қарастырып жатыр. Киелі хасид әулеті ұлына үйленген әйел үш жыл отбасылық өмірде күйеуінің бір рет те жыныстық қатынасқа түспегені үшін сотқа берді деп хабарлайды Oxu.Az сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: ru.oxu.az
Фото: ru.oxu.az: UGC

Үш жыл отасқан күйеуі бір рет те жыныстық қатынасқа түспегені үшін әйелі сотқа берген. Ол, тіпті, сотқа өзін тексерген дәрігер-гинекологтарды да ілестіріп келіпті.

Олар арыз берушінің әлі де қыз екенін растапты.

Күйеуінен көңілі қалған азаматша ажырасуды сұраған. Сондай-ақ, ол ортақ мүліктері үшін жұбайынан 1 800 000 шекел беруін талап етіпті.

Равинат соты әйелдің өтінішін орындаған. Ал күйеуі бұған келіспей, істі қайта қарауды өтінген көрінеді. Алайда сот күйеуінің арызын қабылдамапты.

Айта кетейік, хасидизм XVIII ғасырдың алғашқы жартысында барлық еврей халқын қамтып алған иудаизмнің діни ағымы болып табылады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1746024-s-zyldan-beri-zynystyk-katynaska-tspegen-jel-kjeuin-sotka-berdi/

pixel