Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

20 жастағы қырғыз жігіттер полиция көлігіне оқ атып, тайып тұрған

Опубликовано:

6 тамызда түнде Қырғызстанның Балыкчи қаласында белгісіз біреулер милиция қызметкерінің автокөлігіне оқ атқан. Құқық қорғау қызметкерлеріне қару қолдануға тура келіп, нәтижесінде екі жасөспірім қолға түсті деп хабарлайды Centralasian.org қызметіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Қырғызстанда 20 жастағы жігіттер полиция көлігіне оқ атып, тайып тұрған
Көрнекі фото: dpchas.com.ua: UGC

Ыстықкөл облысы ішкі істер департаментінің баспасөз хатшысы Сталбек Усубакуновтың хабарлауынша, оқиға шамамен түнгі сағат 23.30 шамасында тіркелген.

"Шұғыл топ оқиға орнына жеткен. Жастар милиция қызметкерінің автокөлігіне оқ атып, тас лақтырып тайып тұрған", - деді Усубакунов.

Қару қолданған құқық қорғау органдарының қызметкерлері 20 жастағы екі баланы ұстады.

Олар ИЖ-18ЕМ аңшылық қаруын қолданған. Қалған күдіктілерге іздеуге жарияланды.

Қарудың ешқайда тіркелмегені анықталды. Оларға қарсы "бұзақылық" бабымен қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер абақтыда отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1746350-20-zastagy-kyrgyz-zigitter-policia-kligine-ok-atyp-tajyp-trgan/

pixel