Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Танымал тележүргізуші Динара Сәтжанның есімі мектеп оқулығына енді

Опубликовано:

Танымал тележүргізуші Динара Сәтжан мен Майя Бекбаеваның есімі 5-7 сынып оқушыларына арналған жаңа "Өлкетану" оқулығына енді. Олардың қатарында Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев те бар деп хабарлайды Sputnik Қазақстан агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Биыл 5-7 сыныптарында оқытылатын "Өлкетану" деп аталатын жаңа оқу құралы жарық көрді. Екі тілде шыққан оқулық 5-7 сынып оқушыларына арналып жазылған.

""Алматы кітап баспасы" басып шығарған оқулықтағы материалдар Қазақстан тарихы, қазақ әдебиеті, география бойынша негізгі мектеп бағдарламасын қайталамай, толықтырады", - дейді кітап авторлары.

"Өлкетануды" мектепте оқытуға бір жылға 20 сағат бөлініп отыр.

Аталған оқулық беттерінен Астана әкімі Әсет Исекешевті, журналист Майя Бекбаева мен тележүргізуші Динара Сәтжанды кезіктіруге болады.

Олар оқушыларға блогер ретінде таныстырылып, желідегі жазылушыларының санына дейін жазылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1746363-tanymal-telezrgizusi-dinara-stzanny-esimi-mektep-okulygyna-endi/

pixel