Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Халық емшісі жоғалған қызды 15 жыл бойы зорлап келген

Опубликовано:

Индонезияда халық емшісі 2003 жылы жоғалған қызды 15 жыл бойы үңгірде ұстап, зорлап келген. 12 жасынан бері қорлық көрген бойжеткен 5 тамыз күні құтқарылды деп хабарлайды 24segodnya.ru cайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: unian.net
Фото: unian.net: UGC

Орталық Сулавеси провинциясындағы бақсы 12 жасында жоғалып кеткен қызды үңгірде ұстаған. Бойжеткен 15 жыл бойы түнін 83 жастағы шалдың үйінде өткізіпті.

Орталық Сулавеси провинциясы. Фото: © flickr.com/Axel Drainville
Орталық Сулавеси провинциясы. Фото: © flickr.com/Axel Drainville: UGC

Емші оған Амрин есімді жігіттің суретін көрсетіп, ол қыздың жігіті екенін айтқан. Сондай-ақ, ол арудың ішіне Амриннің жаны кіріп кетті деп сендірген.

"Әрине, ол өз қалауын қанағаттандырып отырған",- дейді жергілікті полиция бастығы

Бақсының айтуынша, ол қызбен 2008 жылдан бері жынысьық қатынаста болған. Ал полиция қыздың әпкесі бойжеткеннің жақын маңда жүргенін айтқан соң іздеуге кіріскен.

Жәбірленушінің әпкесі бақсының келіні болған. Ол қыздың қайда екенін білсе де, қайын атасы үшін үндемеген көрінеді.

Енді бақсыға аз дегенде 15 жыл түрмеде отыруға тура келеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1746447-halyk-emsisi-zogalgan-kyzdy-15-zyl-bojy-zorlap-kelgen/

pixel