Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыдағы Қазақ-Британ техникалық университеті сатылымға шығарылды

Опубликовано:

Қазақстан-Британ Техникалық университетінің акциялары сатылымға шығарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Алматыдағы Қазақ-британ техникалық университеті сатылымға шығарылды
Фото: Instagram/ҚБТУ ресми парақшасы: UGC

Электронды сауда алаңына шығарылған лотта «ҚБТУ» АҚ акциялары шығарылды.

Аталған акцияның иесі - «ҚазМұнайГаз» АҚ екені белгілі. Лоттың бастапқы бағасы - 11,3 млрд теңге.

Сауда ағылшын тәсілімен өткізіледі.

Айта кету керек, «ҚБТУ» АҚ үш ғимаратта - ҚазССР Үкімет үйінде, Бетуров атындағы Химиялық институт және Сокольский атындағы отын, катализ бен электролиз институты ғимараттарында орналасқан.

Мәміле шартына сәйкес, сатып алушы бұл ғимараттарды білім-ғылым саласында пайдалануға міндеттеледі.

Сонымен қатар, сатып алушыға 5 жыл ішінде нысанды сатып, кепілге қоюға, сенімді басқаруға беруге тыйым салынады. Сондай-ақ, студенттер 5 жыл бойы жатақханадан шықпауы керек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1746751-almatydagy-kazak-britan-tehnikalyk-universiteti-satylymga-sygaryldy/

pixel