Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

БАҚ: Абайдың ұлының сүйегі Шымкенттегі қорғасын зауытының астында жатыр

Опубликовано:

Айбай Құнанбаевтың ұлы Турағұл Құнанбаевтың сүйегі Шымкенттегі қорғасын зауытының астында жатыр. Бұл туралы NUR.KZ порталы ERNUR.KZ сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Алаш жолындағы Абай ұрпақтары: Мекаил Абайұлы, Көкбай Жанатаев, Турағұл Абайұлы. Фото: E-history.kz
Алаш жолындағы Абай ұрпақтары: Мекаил Абайұлы, Көкбай Жанатаев, Турағұл Абайұлы. Фото: E-history.kz: UGC

"Тұраш ағам 1934 жылы 6 наурыз күні, 59 жасында қайтыс болды. Шымкент қаласының орталығындағы мұсылман зиратына жерленді. Кейін сол зираттың үстінен химзауыт салыныпты.

Зауыт салынар алдында Тұраш ағаның сүйегін алатын жанашыр жақыны болмай, зауыт астында қалды. Ол кезде біз Шымкенттен ауысып, басқа жаққа кеткен болатынбыз", - деп жазады Турағұлдың зираты жайында қызы Мәкен.

Бірінші қатарда: үшінші – Т.Құнанбаев, төртінші - Ә.Бөкейханов, екінші қатарда үшінші – К.Жанатаев. Семей, 1918 жыл. Фото: abaialemi.kz
Бірінші қатарда: үшінші – Т.Құнанбаев, төртінші - Ә.Бөкейханов, екінші қатарда үшінші – К.Жанатаев. Семей, 1918 жыл. Фото: abaialemi.kz: UGC

Турағұл Ибрагимов (1876-1934) - Абайдың екінші әйелі Әйгерімнен туған баласы, ақын, аудармашы. Ол кішкентайынан әкесінің қолында тәрбиеленген. Сондықтан да Абайдың әрбір өлеңі қай кезде қалай жазылғанын және кімге арналғанын жақсы білген.

Бірінші қатар: А.Байтұрсынов, М.Жакежанов, К.Жанатаев,Т.Құнанбаев, Ж.Әйтіков. Екінші қатардағылар: Ж.Балғымбаев, М.Дулатов, Қ.Мұнайтпасов, С.Садырбаев, Е.Омаров. Семей, 1918 жыл. Фото: abaialemi.kz
Бірінші қатар: А.Байтұрсынов, М.Жакежанов, К.Жанатаев,Т.Құнанбаев, Ж.Әйтіков. Екінші қатардағылар: Ж.Балғымбаев, М.Дулатов, Қ.Мұнайтпасов, С.Садырбаев, Е.Омаров. Семей, 1918 жыл. Фото: abaialemi.kz: UGC

"Сол Тұрағұлдың жалғызы Гүлбаданның туған қызы Айгүл Мүштарқызы Шымкент қаласында тұрады", - дейді Түркістан облыстық саяси қуғын сүргін құрбандары мұражайы директорының орынбасары Гүлмира Серікбаева.

Турағұл Абай Құнанбаевтың мұрасын жинап-бастыруда аса құнды мағлұматтар жазып, ақын шығармаларының түпнұсқаны қалпына келтіруде үлесі зор болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1746837-bak-abajdy-lyny-sjegi-symkenttegi-korgasyn-zauytyny-astynda-zatyr/

pixel