Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өскеменде балалар кафесі өртке оранды

Опубликовано:

Шығыс Қазақстан облысында балалар кафесі өртке оранып, 40-тан астам адам қауіпсіз жерге шығарылды. Бұл туралы NUR.KZ порталы NewTimes.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Өрт. Көрнекі фото: rtr.md
Өрт. Көрнекі фото: rtr.md: UGC

Өрт жұма күні Өскемендегі балалар кафесінің бірінде болған. Оқиға орнына келіп жеткен өрт сөндірушілер 41 адамды қауіпсіз жерге шығарды. Олардың арасында сегіз бала кәмелет жасына толмаған.

Өрт ғимараттың шатырынан шыққан. Оның аумағы 200 шаршы метрді құрады. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1746993-skemende-balalar-kafesi-rtke-orandy/

pixel