Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Орысша білмеймін: Қайрат Нұртастың хит әндерін орындаған орыс балақай көпшілікті таңырқатты

Опубликовано:

Қазақша мүдірмей сөйлеп, хит әндерді орындап берген Никита есімді балақайдың видеосы YouTube желісіне жарияланды. Келешекте Нұрсұлтан Назарбаев болғысы келетін бүлдіршін "Атамекен" әнін де айтып берген деп хабарлайды NUR.KZ.

10 жасар Артеминко Никита Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданында тұрады. Қазіргі уақытта үшінші сыныпта оқып жүрген ол қазақша мүдірмей сөйлеп, тіпті Қайрат Нұртас пен басқа әншілердің хит әндерін де орындап беріпті.

Балақай болашақта Нұрсұлтан Назарбаев болғысы келгенін айтты. Ол оқуда да үздік екенін жеткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1747171-oryssa-bilmejmin-kajrat-nrtasty-hit-nderin-oryndagan-orys-balakaj-kpsilikti-tayrkatty/

pixel