Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Танымал тұлғаларды келемеждеген Серік Аббас-Шах сынға қалды

Опубликовано:

Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі АҚШ-тың сыртқы саясатының басты бағыттарын айқындап берген буржуазиялық идеолог А. Даллестің мына бір астыртын ой-тұжырымымен сөз бастағанды жөн көрдім. «Ұлттың мүддесін қорғайтын шенеуніктері дөрекі, пәтуасыз ретінде дәріптеліп, күлкі-келекеге жем етіліп, ескінің сарқыншағы делінеді. Рухани бейшара, байғұс етіп, адамгершілік атаулыны мүлдем ұмыттырамыз. Ұлтын ойлайтындарды, әсіресе, ұлт үшін жанын беретіндерді, салт-дәстүрлерін дәріптейтіндерді ескішіл, білімсіз деп өздері-ақ мазақ ететін болады... Ақыры соңында өздерін өлердей жек көретін, өз мәдениетін қораш санайтын «айрықша ұрпақ» өмірге келеді...». Материал abai.kz сайтынан алынды.

Даллестің айтып кеткенін Серік Аббас-Шах іске асырып жатыр

Болатын елдің баласы бірін бірі «батыр!» дер. Соңғы уақытта ел үшін қызмет етіп жүрген біршама беделді, қазақ үшін жанын беруге даяр ерлеріміздің артынан түрлі суреттермен келемеждеп, оларды сынап жүргендер де жетерлік. Күн түн демей халық үшін, Қазақстанның болашағы үшін аянбай еңбек етіп жүрген арқа сүйер азаматтарымыз атап айтқанда халықтың сүйікті депутаты, халық жанашыры қоғам қайраткері Бекболат Тілеуханды түрлі сын сөзбен сынап, халыққа басқаша танытып жүр. Мұндай жеңіл ойлы әзілінің ар жағында нені меңзегенін аңғару өте қиын, өткір зіл мен ащы шындық болғаны дұрыс дер едік. Алайда, біздің байқағанымыздай көпшілікті бір күлдіру арқылы бедел жинау ғана екені көрініп тұр. Егер нағыз халық жаршысы болса, нақты мысалдар мен дәлелдермен қара қылды қақ жарған Қазыбек бидей тура жолға шақырмас па еді?

Әрине, әркімнің өз ұстанымы өзіне. Меніңше, жастарға елдікке шақыратын, ұлттық құндылықтарды құрметтеуге, туған жерді көркейтуге, жаңашыл ойлап, қоғам үшін игі іс жасауға үндегені абзал болар еді. Әлеуметтік желідегі пікірлер арқылы азаматтық ұстаным анықталмайды. Оны мойындау керек. Азаматтық ұстанымның негізі жеңіл, таяз сайқымазақпен шектеудің не қажеті бар еді?

Әлемнің назарына ілігіп, сұлулығымен бүкіл дүние жүзін таңқалдырып жатқан, көзге түсіп жүрген елдің астанасы – Елордамызды «Жел Орда» деп мазақ қылып жүр. Еліміздің бас қаласын, өзіңнің аяқ басып нанын жеп жүрген жеріңді қалайша мазаққа айналдырасың?

Серік Аббас-Шах, «сықақшымын», «ауыз өзімдікі» дегендей, өз Астанамызды, әрбір мемлекет тұлғаларын осылайша мазаққа айналдыруының өзі елдігімізге сын емес пе? Осы тұрғыдан алып қарайтын болсақ, Даллестің айтып кеткенін Серік Аббас-Шах іске асырып жатыр, енді түбімізге жетпесін! Сонда ішімізде «қоғамға іріткі салушы» бар екені өкінішке орай шындық болып отыр. Қазіргі таңда қазақ қоғамында маңызды болып отырған ұлттық сәйкестікті сақтау сияқты қағидаларды жастардың санасына, ұлттық идеологиясына қызмет етіңіз, Аббас-Шах мырза!

Ерғали Берікұлы

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1747232-tanymal-tlgalardy-kelemezdegen-serik-abbas-sah-synga-kaldy/

pixel