RU

Тоқал сенің не теңің: Бәйбішесімен қалжыңдасқан Төреғалиді ел сөгіп тастады

Отандық танымал әнші Төреғали Төреәлі желіге әйелімен бірге түскен суретін салып, ерекше жазба қалдырды деп жазады NUR.KZ.

Ол: «"Бәйбіше" десем мына әпше, Намёк түсінбейді ғой вапше», - деп жазды.

Әншінің әйеліне астарлап жеткізбек болған құпиясын түсінген желі қолданушылары оны барынша сынап тастады. Тіпті кейбіреулері: «Тоқал сенің не теңің?», «Тоқал алғың келіп жүр ма?», «Төреш олай бқзылма енді», - деп жазды.

Алайда ұлы дала баласын қолдағандар да аз болған жоқ. Олар: «Дұрыстап түсіндірсең түсінеді», «Бірден тоқал аламын деп айтсай», «Түсіндіру керек», - деп жарыса жазды.

Сонымен қатар Төреғалиді тым дөрекілігі үшін де айыптағандар болды. Олар әншінің әйеліне дөрекі сөйлейтінін айтып, әдепсіздігін бетіне басты.

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1747257-tokal-seni-ne-tei-bjbisesimen-kalzydaskan-tregalidi-el-sgip-tastady.html