Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қыдырәлі мен Қарақаттың отбасылық демалыстағы суреттері көпшілікті тәнті етті

Опубликовано:

Отандық шоу-бизнестегі ең жарқын жұптардың бірі Қыдырәлі мен Қарақат жанкүйерлерін жаңа суреттерімен тәнті етті. Балаларымен демалысқа аттанған жұлдыздар желіге отбасылық фотоларын жүктеп, көпшілікті сүйсінтті деп жазады NUR.KZ.

Отбасымен бірге Түркияға демалуға аттанған Қыдырәлі Болманов жанкүйерлерін қуантып қойды. Жұлдызды жұптың табынушылары олардың демалыстарында жасалынған отбасылық суреттеріне тәнті болған.

Толық құрамымен өзге елге демалуға барған Болмановтар әулеті желі қолданушылардың ыстық ықыласына ие болған.

Оқырмандар көпбалалы жұлдызды жанұяның бірлігіне риза болып, оларға деген өз жылы лебіздерін білдірген.

"Қандай тамаша жұп. Керемет отбасы"
"Бірліктеріңіз ажырамасын. Отбасымен демалғанға не жетсін"
"Көз тимесін. Балақайларыңызбен осындай фото жиі жүктеп тұрсаңызшы", - деп жазды оқырмандар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1747482-kydyrli-men-karakatty-otbasylyk-demalystagy-suretteri-kpsilikti-tnti-etti/

pixel