Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркіменстанда ер адамдарға шаш бояуға тыйым салынды

Опубликовано:

Түркіменстанда ер адамдарға шаш бояуға тыйым салынды. Ел астанасы Ашхабадта прокуратура қызметкерлері бірнеше сән үйіне келіп, ерлерге шаш бояуға тыйым салу туралы ұсыныс айтып кеткен деп хабарлайды oxu.az-ға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: afrodita.guru
Фото: afrodita.guru: UGC

Түркіменстанда ер адамдардың шаш бояуына тыйым салынуы мүмкін. Тек соңғы күндердің өзінде ел астанасы Ашхабадтағы бірнеше сән үйіне прокуратура қызметкерлері келіп, "ер адамға шаш бояуғы тыйым салу" туралы ұсыныс айтып кеткен. Десе де, әзірге құзырлы орган қызметкерлерінің қолында тыйым салуға қатысты қандай да бір бұйрық жоқ дейді.

Басылымның мәліметінше, ерлер арасында шашты бояу және басқа түрлі сурет салу былтырдан бастап сәнге айналған көрінеді. Бұған дейін мұндай үрдіс шетелдік компания өкілдері, шаштараз, массаж жасаушылар мен диджейлер арасында танымал болған екен. Енді бұл жаңашылдық мемлекеттік қызметкерлер арасында да кеңінен тарала бастаған көрінеді.

Әзірге БАҚ пен жергілікті билік мұндай тыйымды ресми түрде жарияламаған. Айта кетерлігі, ел президенті Гурбангулы Бердымухамедовтың өзі үнемі шаш бояйтын болып шықты. Алайда жаз ортасында мемлекет басшысы көпшілік арасына ақ шашымен бой көрсеткен екен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1747918-trkimenstanda-er-adamdarga-sas-boauga-tyjym-salyndy/

pixel