Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қостанайда "фокус көремін" деген төрт жасар бала оңбай күйіп қалды

Опубликовано:

Федоровск ауданында отпен және бензинмен ойнаған 4 жасар Артем Логовчин аяғын қатты күйдіріп алды. Бүлдіршін қазір Қостанай облыстық ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Қостанайда "фокус көремін" деген төрт жасар бала оңбай күйіп ақлды
Көрнекі фото:fakty.ictv.ua: UGC

12 тамызда кішкентай Артемнің анасы оны жолдың ар жағында көрші тұратын балалармен ойнауға жіберіп, өзі үйде омыраудағы баласымен қалған.

"Көрші 10 жасар ұл бала мен 4 жастағы қыз үйде жалғыз қалған. Үлкені "Сендерге фокус көрсетейін бе?" деп, жанып жатқан отқа шөлмектегі бензинді құйып жібереді. Сол кезде біздің ұлымыз дәл жанында тұрған.

Оттың жалыны баламның трикосына тиіп кетіп, өртене бастаған. Ол үйге жүгіргенше трико түгелдей өртеніп, шалбарының жартысы ғана қалған.

Көршіміз Артемді көріп, киімінен қалғанын шешіп алған", - деп еске алады анасы Марина Логовчина.

Үшінші дәрежелі күйік шалған Артемді бірден Федоровскінің орталық аудандық ауруханасына жеткізген.

Дегенмен ол жерде балаға дұрыс көмек көрсетілмегендіктен, анасы оны Қостанайға алып кетіпті.

Қазір бүлдіршін облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөлімінде ауыр халде жатыр. Алда әлі тері ауыстыру операциясы күтіп тұр.

"Дәрігерлер әзірге ештеңе айтпайды. Балама қан жинап жатырмыз", - деді Марина.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1747941-kostanajda-fokus-kremin-degen-trt-zasar-bala-obaj-kjip-kaldy/

pixel