Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Танымал көріпкел Ақтөбеде жұмысқа алу үшін қыруар ақша сұрайтын шенеуніктерге шүйлікті

Опубликовано:

Қазақстандық экстрасенс Бақыт Жұматова Ақтөбедегі жемқор шенеуніктердің бар екенін естіп, жағасын ұстады. Ол бірнеше дипломмен жұмыссыз отырған жастарға таң қалды деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

Танымал көріпкел Ақтөбеде жұмысқа алу үшін қыруар ақша сұрайтын шенеуніктерге шүйлікті
Фото: Comode.kz: UGC
"Болашақта осы жақтан орталық ашқым келеді. Ақтөбеге келгенде байқағаным, адамдардың 50 пайызында ғана жұмыс бар. Қалғаны жұмыссыз. Олардың ішінде екі-үш дипломмен отырған адамдар да бар екен. Кеше бір қыз келді. ЕНУ-ды қызыл дипломмен бітірген. Қаладағы мемлекеттік органның біріне жұмысқа орналасу үшін 300 мың теңге беріп, күтіп отырғанын айтты. Сіздерде ондай да бар екен. Бұл -масқара.

Мұнда ақшасыз адамды жұмысқа алмайтын мекемелер көп екен.

Бірақ, маған Ақтөбенің өмірі ұнайды. Мұнда аура жақсы", - дейді Бақыт Жұматова.

Көріпкел осыған дейін 50 мың теңге болған адам қабылдау бағасын ақтөбеліктердің тұрмысына қарап арзандатқан.

"Ақтөбеде орташа жалақы төмен екен. Мен қазір адамдарды қарау бағамды өзгерттім. Бұрын 50 мың теңгеге қарайтын едім. Қазір бағаны 10 мың теңгеге түсірдім. Себебі 50 мың теңгеге кез келген адам келе алмайды.
Тағы бір байқағаным, ақтөбеліктердің көпшілігі шетелде тұрады. Кореяда, Мәскеуде тұратындар көп. Адамдардың бәрі қанша өмір сүремін, қауіп қай жақтан, қай жаққа баруға болмайды дегенді сұрайды", - дейді Жұматова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1748067-tanymal-kripkel-aktbede-zmyska-alu-sin-kyruar-aksa-srajtyn-seneunikterge-sjlikti/

pixel