Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырауда ауыл тұрғындары жік-жік болып төбелесетін жастардан үрейленіп отыр

Опубликовано:

25 шілдеде Қызылқоға ауданы Сағыз ауылында ауыл жастарының топ болып төбелесуі салдарынан бір адам қаза болып, бірнешеуі жараланған еді. Бұл ауылдағы жалғыз қылмыстық іс емес сияқты, ауыл тұрғындары осындай жікке бөлініп төбелесу ауылда жиі болып тұратынын айтады деп хабарлайды Ақжайық басылымына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото: lastday.club
Көрнекі фото: lastday.club: UGC

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, ауыл бұрыннан "Совхоз", "Шанхай", "Орталық" деп үшке бөлінеді екен.

"Егер біреуі аумақтарына барып қалса, жеңіл қақтығыстардың соңы үлкен төбелеске ұласады", - дейді тұрғындар.

Сағыз амбулаториясының аға дәрігері Исламжан Қосжан қақтығыстар ауылға студенттердің каникулға келген кезде көбейетінін айтады.

"Көп жылдан осы ауылда дәрігермін. Жастардың арасында төбелес болып, жарақат алуы жиі кездесіп тұрады. 2016 жылы ақпанда жас жігіттің арқасынан бытырамен атқан, ол кейін облыстық ауруханаға жіберілді, сол жылы наурызда 23 жастағы жігіттің арқасынан, құйрығынан пышақтаған. Он шақты жыл бұрын өз ұлымды сабап, бір көзін шығарып жіберген, қазір екінші топтағы мүгедек. Төбелестің неден шығатынын дәл білмеймін. Алайда қақтығыстар ауылға студенттердің каникулға келген кезде көбейетіні рас", - дейді Сағыз амбулаториясының аға дәрігері Исламжан Қосжан.

Сағыз тұрғыны Меңсұлу Жылқыбаеваның 17 жастағы ұлы да 2003 жылы кісі қолынан қаза тапқан. Айтуынша, енді ғана мектеп бітіргелі отырған баласын басынан темірмен ұрып, денесінен сау жерін қалдырмаған. Марқұм алған жарақатынан ауруханада қайтыс болыпты.

Нұралы Әбишан. Фото: Ақжайық
Нұралы Әбишан. Фото: Ақжайық: UGC

Сағыз ауылдық округі әкімінің орынбасары Нұралы Әбишанның сөзінше, ауыл жастарын жинап, не себепті төбелестінін анықтағылары келгенімен бұл әрекеттерінен нәтиже шықпаған. Тіпті, ауылдағы полиция қызметкерлерінің әлі келмегесін жылына бір-екі рет арнайы жасақ шақыртатын көрінеді.

"Осы қылмыстық оқиғадан бір ай бұрын арадагерлер алқасы, әкімшілік және полиция болып ауыл жастарының бастарын біріктіріп жиналыс өткізбек болғанбыз. Не себептен төбелесетінін, бір-біріне қоятын талаптарын анықтағымыз келді. Бірақ ол әрекетімізден ештеңе шықпады, жастар жиналысқа келмей қалды. Олардың неге, не үшін келіспей жүргенін білмеймін", - дейді шенеунік.

Ал ауылдағы полиция бөлімшесінің бастығы осындай қылмыстық ахуал жөнінде білмек болып бас сұққан журналистерге жауап беруден бас тартқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1748544-atyrauda-auyl-trgyndary-zik-zik-bolyp-tbelesetin-zastardan-rejlenip-otyr/

pixel