Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбелік келіншек Сирияға кеткен туысын қайтарған Қыдыр атаға бас иді

Опубликовано:

Ақтөбелік атышулы емшінің есігінің алдында діндарлардың туыстары да жүр. Айтуларынша, олар адасқан ағым жетегінде кеткен ағайындарын "атаның батасымен" қайтарған деп жазады NUR.KZ.

Фото: liter.kz
Фото: liter.kz: UGC

"Қайын сіңілім адасқан дін жолына түскен. Ата Сириядан қайын сіңілімді қайтарды. Күйеуі келіп атаның аяғына жығылды" , - деді келіншек.

Емшінің алдында маңдайын жерге тигізген әйел туыстарының тура жолға түскенін айтып, Жанарыс Жақсылықұлына алғыс айтты.

"Серік қоспа деген дұрыс емес. Серік қосу деген не ол? Әруақпен ойнауға болмайды. Бұл жерді мойындамай кеткендер қайтып келеді. Мен жауды да емдеймін. Өлі адам тіріге пір болмайды. Өткенге тек құран оқытуға болады",-деді Жанарыс Жақсылықұлы.

Ем қабылдау залындағы екі келіншек те өз басынан өткенімен бөлісті. Айтуларынша, күйеулері намаз оқитынын әйелдер ұзақ уақыт бойы бала көтере алмай жүр.

Сәбилі болуды арман еткен келіншектің бірі тіпті, жолдасын емшіге ертіп әкелуге көндірген. Емші оларға шоколад таратып, ортада махаббат вальсін билетті. Жас жұбайларға биден кейін сәбилі болатындарын айтып сендірген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1748763-aktbelik-kelinsek-siriaga-ketken-tuysyn-kajtargan-kydyr-ataga-bas-idi/

pixel