Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Асхат Садырбай танымал блогерді қызметінен не үшін қуды?

Опубликовано:

Кешелі бері желіде дау тудырған "Түнгі студия" жүргізушісіне қатысты оқиға жайлы тағы да жаңа мәлімет шықты. Бағдарламаның продюсері ernur.kz сайтына арнайы сұхбат беріп, Эльвира Ерғалинаның жұмыстан босап қалуы жөнінде ашық айтты деп жазады NUR.KZ.

"Түнгі студия" продюсері Асхат Садырбай бағдарлама құрамындағы өзгерістер мен жүргізушілердің ауысуы жөніндегі дау-дамайларға нүкте қойды. Айтуынша, өзін еш себепсіз жұмыстан босатып жіберді деген Эльвира Ерғалинаға жүргізуші тізгінінен кететін жайлы шілде айында-ақ ескертіліп қойылған.

"Біздің шығармашылық топта, ұжымда ешқандай түсініспеушілік жоқ. Біз Эльвирамен жұмысты шілде айында тоқтатқанымыз туралы оған ауызша да, жазбаша да ескерткен болатынбыз. Эльвира ол жайында біледі.
Өткен шілде айында біз жүргізушілермен және барлық қызметкерлерімізбен қол қойылған келісім шартты тоқтатқан болатынбыз, өйткені екі ай демалысқа кеттік.
Демалыстан кейін жаңа маусымға кірістік, бұл жайында Эльвира хабардар. Мен жеке өзім оған барлығын айтқанмын, жақында басқа жүргізушінің келгенін де жеткіздік" , - деп айтты Асхат Садырбай.

Оған қоса, жоба продюсері танымал блогерді жүргізушіліктен алып тастаудың себебін де айта кетті.

"Біз Эльвирамен бір маусым жұмыс істеп көрдік. Жалпы көрерменнің талғамын, сұранысын ескеріп, шығармашылық топтың ұйғарымымен екінші жүргізушіні ауыстарымыз деген шешімге келдік.
Эльвира бұрын мұндай тележобаларды жүргізбеген, бірақ өзіне тиесілі міндетті атқарып шықты деп ойлаймыз, барынша тырысты. Енді біз көрерменді үнемі жақсы жаңалықпен қуантып отыруымыз керек. Сондықтан екінші жүргізушіні ауыстырдық", - деді продюсер.

Асхат Садырбай желіде қызу талқыға түскен Аша Матайдың оқиғаға қандай қатысы бар екенін айтудан бас тартты. Желіде отандық жұлдыздың "Түнгі студияға" келетіні жайлы ақпарат тарап кеткен болатын.

Айта кетейік, жоба аясында бір мауысым бой жұмыс істеген жүргізуші Эльвира Ерғалина өзінің жұмыстан босап қалғанын хабарлаған. Танымал блогер басшылық өзіне кетуінің себебін түсіндірмегенін айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1748841-ashat-sadyrbaj-tanymal-blogerdi-kyzmetinen-ne-sin-kudy/

pixel