Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әлемге танымал актер оныншы рет әке атанғалы жатыр

Опубликовано:

Кино әлемінде өз орны бар Эдди Мерфи 57 жасында оныншы рет әке атанбақ. Голливудта актер ең көпбалалы әкелер қатарына кіреді деп жазады today.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: pagesix.com
Фото: pagesix.com: UGC

Америкалық актер мен оның сүйіктісі Пейдж Батчер екінші рет ата-ана атанбақ.

Тамыздың басында Эдди Мерфидің сүйіктісі бірінші қыздарымен бірге серуендеп жүрген кезде тілшілер назарына түскен. БАҚ өкілдері бір ауыздан бой жеткеннің жүкті екенін болжады.

Фото: pagesix.com
Фото: pagesix.com: UGC

Танымал актер мен оның сүйіктісі Иззи атты екі жасар қызды тәрбиелеп отыр.

Пейдж Батчер үшін бұл екінші бала болса, Эдди Мерфи осымен оныншы рет әке атанбақ. Оның бұрынғы әйелінен бес баласы, және тағы басқа келіншектерден үш перзенті бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1748881-lemge-tanymal-akter-onynsy-ret-ke-atangaly-zatyr/

pixel