Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Екібастұзда бейтаныс жігіт көшедегі қызды IPhone үшін соққыға жықты (видео)

Опубликовано:

Бойжеткенге тапа-тал түсте жұдырық ала жүгірген жігіттің видеосы Instagram әлеуметтік желісінде пайда болған. Бейнежазбадан бейтаныс азаматтың көшеде кетіп бара жатқан қызға еш себепсіз төмпештей кеткенін анық көруге болады деп хабарлайды NUR.KZ.

Көрнекі фото: k1news.ru
Көрнекі фото: k1news.ru: UGC

Онда бейтаныс жігіт бойжеткенді алдымен бетінен ұрып, кейін жерге алып жығады. Ол аздай қолындағы шарларын тартып алмақ болады. Алайда, екібастұздық ару ер-азаматтың шарды тартып алмақ болған әрекетіне бой бермей, оны уысынан щығармауға тырысады. Осы әрекеті үшін ер адам оны тағы бірнеше рет ұрады. Ақырында алаяқ қыздың қолындағы шарды ұрлап алып, оқиға орын алған жерден тайып тұрады.

Кейін Павлодар облысы ішкі істер департаментінің өкілдері хабарлағандай, алаяқ арудың қолындағы шарға емес, Iphone 7 телефонына қызығыпты. "Аталған іске қатысты "Ұрлық" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Екібастұз қаласы тұрғынының қолынан "IPhone 7" телефонын ұрлап әкеткен",-деді мамандар.

Полиция берген ақпаратқа сәйкес, күдікті қазіргі таңда қамауға алыныпты. Ол Екібастұз қаласының 24 жастағы тұрғыны болып шыққан. Қазір ол қамауда отырған көрінеді. Аталған қылмысы үшін, ол 4 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1748951-ekibastzda-bejtanys-zigit-ksedegi-kyzdy-iphone-sin-sokkyga-zykty-video/

pixel