Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жүздеген жігіт қорғансыз бойжеткенді жалаңаштандырып, аяусыз соққыға жықты

Опубликовано:

Үндістанда жүздеген адам 19 жастағы жігітті өлтірді деп күдіктелген бойжеткенді аяусыз соққыға жықты. Олар нәзік жандыны жалаңаштандырып, көшеде тас атып, қуалаған. Бұл туралы NUR.KZ порталы asn.in.ua сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Соққыға жығу. Көрнекі фото: ru.korupciya.com
Соққыға жығу. Көрнекі фото: ru.korupciya.com: UGC

Жігіттер Бехар штатындағы қалаға келіп, өз ауылдасын өлтірді деп күдіктелген бойжеткенге тап береді. Олар қорғансыз аруды жалаңаштандырып, көшеде таспен атып, қуған.

Тұрғындардың не себепті 19 жастағы жігіттің өліміне бойжеткенді айыпты деп тапқаны әзірге белгісіз. Жас жігіттің мәйіті темір жол бойынан табылған. Қатты соққыға жығылған бойжеткенді полицейлер құтқарып қалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1748968-zzdegen-zigit-korgansyz-bojzetkendi-zalaastandyryp-aausyz-sokkyga-zykty/

pixel