Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астанадағы орыс мектептері қазақшаланатын болды

Опубликовано:

Астана әкімдігі орыс тілді мектептерді кезең-кезеңімен қазақ тіліне ауыстыруды жоспарлап отыр. Бұл туралы КТК арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Көрнекі фото: astana-akshamy.kz
Көрнекі фото: astana-akshamy.kz: UGC

Аталған жүйемен жұмыс істеуді ата-аналар ұсынып отыр екен.

"1-сыныпқа келетін балалар сабақ барысында ақпаратты бастапқы қадамда 70 пайыз орыс тілінде және 30 пайыз қазақ тілінде оқитын болса, 5-сыныпқа барғанда оқыту тілі толық мемлекеттік тілге көшірілетін болады. Жаңа оқу жылында осындай сыныптарды 60 лицей негізінде ашпақпыз", -деді Білім беру басқармасының басшысы Әнуар Жаңғозин.

Одан бөлек, елордадағы екі мектеп енді электронды оқулықтармен оқиды екен. Сондай-ақ, бас қалада бес мектеп пен үш колледжге білім латын әліпбиінде берілетін болыпты.

Ал Астанадағы ұстаздардың еңбекақысы көтеріліп, орташа айлық есебі 150 мың теңге болатын болса, балабақша тәрбиешілерінің көмекшілеріне 20 мың теңге қосылады екен.

Алдағы бес жылда елордада тағы 120 мың оқушы мектеп табалдырығын аттамақ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1749092-astanadagy-orys-mektepteri-kazaksalanatyn-boldy/

pixel