RU

Танымал шенеунік Нұрлан Еспановқа алты бөлмелі пентхаус алып берді

Танымал әнші Нұрлан Еспанов NUR.KZ порталының Oybay Life бағдарламасына берген сұхбатында өзіне көмек көрсетіп, үнемі қолдап жүретін биліктегі азамат туралы айтып берді. Әншінің айтуынша, үйсіз жүрген кезінде қол ұшын созған шенеунік оны аса құрметтейді екен.

Нұрлан Еспанов Алматыдан алты бөлмелі пентхаус алып берген шенеунік туралы ашық айтты
Фото: APKPure.co: UGC

Сұхбат барысында өзінің өткенін еске алған әнші Алматыға келгенде тіпті артық киімі де болмағанын айтады. Бүкіл киімін қаладағы ұрлықшыларға ұрлатып алған әнші қалтасындағы соңғы жеті мың теңгесіне киім сатып алғанын есіне түсірді.

Сонымен бірге, Еспанов бертін келе баспаналы болғанын, ал оны алуға билікте отырған шенеуніктердің бірі көмектескенін жеткізді.

Бағдарламаның толық нұсқасын NUR.KZ порталының Youtube каналынан көре аласыздар.

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1749151-tanymal-seneunik-nrlan-espanovka-alty-blmeli-penthaus-alyp-berdi.html