RU
Жұлдыз бен Айқын ұлының бір жасқа толуын дүркіретіп өткізді (фото, видео)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Жұлдыз бен Айқын ұлының бір жасқа толуын дүркіретіп өткізді (фото, видео)

Рассказать Вконтакте

Отандық танымал әнші Айқын Төлепберген бір жыл бойы жасырған ұлының туылған күнін дүркіретіп атап өтті. Кешью құрамында өнер көрсеткен Жұлдыз Өмірғали отандық әртіске Санжар есімді маңдайы торсықтай ұл сыйлаған. Алайда, қарым-қатынастарын жасырын ұстаған жұлдыздар бұл қуанышымен тұнғышының бір жасқа толу мерекесінде бір-ақ хабарлады деп жазады NUR.KZ.

Интернет желісі кешелі бері Айқын Төлепбергенннің қуанышынан түсірілген видео және суреттерге лық толы. Отандық әнші мен оның сүйіктісі Жұлдыз Өмірғали балалы болғандарын көпшілікке перзентінің бір жасқа толуына орай бір-ақ хабарлаған.

Отандық жұлдыздар жеке өмірін барынша жасырын ұстағанымен, белсенді желі қолданушылар олардың құпиясын ертерек те біліп қойған.

Санжар Айқынұлының алғашқы туылған күніне жұлдызды ата-анасы отандық шоу-бизнес қаймақтарын толығымен шақырды. Олардың қатарында Жұлдыз Өмірғалидің әріптесі болған Ақботанұр Сейітмағамбет те бой көрсетті.

Ол топтасының қуанышына өз күйеуі Дәурен Айдарқұловпен бірге келген.

Айта кетейік, Кешьюдің экс-мүшелері сүйіктілерінің екінші әйелі атанып отыр. Айдарқұлов пен Төлепберген де бірінші әйелдерінен ажырасып кеткен.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
41
1
6
5
0
16
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel