Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қызылорда облысының алғашқы әкімі қайтыс болды

Опубликовано:

Қызылорда облысының алғашқы әкімі Сейілбек Шаухаманов 79 жасында өмірімен қош айтысты. Бұл туралы bnews.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Фото: kzvesti.kz
Фото: kzvesti.kz: UGC

Сейілбек Шаухаманов 1939 жылы 15 мамырда Қызылорда облысы Жаңақорған ауданының Өзгент ауылында дүниеге келген.

Ол еңбек жолын 1962 жылы Шиелі аудандық "Қазақауылшаруа техникасы" бірлестігінде механик болып бастаған екен.

1965 жылдан 1991 жылға дейін Шаухаманов Кеңес Одағының коммунистік партиясының мүшесі болған. Одан кейінгі жылдары Лениндік коммунистік жастар одағында Қызылорда облысы Сырдария, Тереңөзек аудандарының алғаш секретарі ретінде қызмет етіпті.

Ол 1992-1995 жылдары Қызылорда облыстық әкімшілігінің басшысы, 1996-1998 жылдары Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты депутаты болған.

Өмірінің соңғы жылдарында Сейілбек Шаухаманов облыстық соғыс және еңбек ардагерлері кеңесін басқарған екен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1749626-kyzylorda-oblysyny-algasky-kimi-kajtys-boldy/

pixel