Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Босанғаннан кейінгі жыныстық қатынаста нені ескеру керек?

Опубликовано:

Халықаралық салауатты өмір академиясының басшысы әрі гинеколог Елена Березовская жақында босанған әйелдерге жыныстық қатынас кезінде нені ескеру керектігін айтып берді. Бұл туралы NUR.KZ порталы krasotka.postimees.ee сайтына сілтеме жасап жазады.

Төсек қатынасы. Көрнекі фото: terve.fi
Төсек қатынасы. Көрнекі фото: terve.fi: UGC

Гинекология тұрғысынан босанғаннан кейін қанша уақыт жыныстық қатынастан аулақ болу керектігінің нақты мерзімі белгіленбеген. Десе де екі маңызды жайтты есте сақтаған абзал.

Біріншіден, босанғаннан кейін әуретті жеріңізден бөлінетін сұйықтық (лохии) жатырға инфекция түсу мүмкіндігін еселейді. Бұл сұйықтық алты-сегіз аптаға дейін бөлінеді. Бұл уақытта жыныстық қатынасқа мүшеқапсыз түспеген дұрыс.

Екіншіден, төсек қатынасы кезінде ауырсынуларды сезінбеуіңіз керек. Алғашқы жыныстық қатынас сәл ауырсынуларды тудырғанымен, бұл әр төсек қатынасында көрініс тауып жатса, тексерілгеніңіз жөн.

Осы жайттарды негізге ала отырып, босанғаннан кейін жыныстық қатынасқа барынша көп түспеуге тырысқан дұрыс болады.

Егер кесар тілігін жасатқан болсаңыз, оның жазылуына кемінде алты ай кетеді. Осы уақытқа дейін жыныстық қатынас кезінде ауырсынуларды сезінуіңіз ғажап емес. Сол себепті, төсек қатынасын бірнеше аптаға кейінге қалдыра тұру керек.

Қынабыңыз босанғаннан кейін бұрынғы қалпына екі-үш айдан кейін, кейде тіпті 8-10 аптадан кейін келеді.

Қалпына келуді тездету үшін дәрігермен кеңесе отырып, спортпен шұғылданып көруге болады. Босанғаннан кейін төсек қатынасын қаламасаңыз, қатты уайымдамаңыз. Әдетте әйелдер босанғаннан кейін аздаған күйзеліске ұшырап жатады. Бұл өз алдына төсек қатынасына құштарлықты азайтады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/1749752-bosangannan-kejingi-zynystyk-katynasta-neni-eskeru-kerek/

pixel