RU
Жанар Айжанова қызын күйеуінен ажыратып алатын "ақылы шолақ" әйелдерге шүйлікті
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Жанар Айжанова қызын күйеуінен ажыратып алатын "ақылы шолақ" әйелдерге шүйлікті

Рассказать Вконтакте

Соңғы жылдары өзін жүргізушілік және актрисалық қырынан танытып жүрген отандық танымал әнші Жанар Айжанова әйелдерге "аналар мектебін" жоғалтып алмауға кеңес берді. Бұл туралы NUR.KZ порталы хабарлайды.

Айта кетерлігі, Айжанова қазақстандық телеарналардың бірінен көрерменге жол тартқан "Тақиясыз періште" сериалында қайын ененің рөлін сомдайды.

Instagram желісіндегі парақшасында аталмыш сериалдан үзінді жариялаған ол "қыздарын жұбайынан айырып алатын" кейбір әйелдерге кеңес берді.

"Екінші маусымда қайтып келген қызын күйеу баласымен татуластырып, ақылын айтып, ауылдарына қайтарып жіберген бәйбішенің даналығын көрсетуге тырыстық.

Кім біледі, дәл осындай кейіп кешіп жүрген жас шаңыраққа түрткі болар. Әйтпесе, "ішіме сыйған бала сыртыма да сияды" деп қыздарын айырып алып отырған ақылы шолақ әйелдер де көп қой.

Марқұм шешеміз көрші отырған қыздары үйге келсе, қуып жіберетін үйлеріне. Қазір ойлап отырсам, ішкі саясаттары масқара екен ғой. Сол аналар мен әжелердің мектебін жоғалтып алмайық, ағайын", - деп жазады актриса.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
1
1
0
22
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel