RU
Ақтөбеде бұрынғы прокурор шенеуніктен көрген жақсылығын айтып, мақтанды
Жаңалықтар Қоғам

Ақтөбеде бұрынғы прокурор шенеуніктен көрген жақсылығын айтып, мақтанды

Рассказать Вконтакте

Ақтөбе қалалық мәслихатының жиынына қатысқан бұрынғы прокурор Мария Тәжібаева шенеуніктерге алғыс айтып кетті. Ол қала әкімінің орынбасары көлігімен үйіне апарып тастаған сәтін ерекше ілтипатпен баяндады деп жазады өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Мария Тәжібаева. Фото: Актюбинский вестник

Мария Тәжібаева. Фото: Актюбинский вестник

"Қала әкімінің орынбасары Күлпаршын Айдарханова ісіне өте мұқият адам. Бір мысал айтайын, менің жеке көлігім жоқ. Қоғамдық шаралармен шыққан кезімде ол кісі мені өз көлігімен үйіме жеткізіп салды. Сол үшін алғысым шексіз. Мені көлігімен аулама дейін әкелді", - дейді экс-прокурор Мария Тәжібаева.

Ақтөбелік шенеунік бір қоңыраумен экс-прокурордың ауласында шіріп жатқан қоқысына дейін тазартып кеткен.

"Аулада қоқыс жәшігі толып, іші шашылып жатқан. Оған қараудың өзі жиіркенішті болатын. Өзім қаланың орталығында тұрамын. Сіздерге мекен-жайымды айтайын, қонаққа келіңіздер. Үйім қауіпсіздік комитетінің қасында. Мен ол кісіден ештеңе сұраған жоқпын. Қала әкімінің орынбасары қоқысты көрген бойдан телефонмен бірден қоңырау соғып, жедел түрде ауламызды қоқыстан тазартып берді. Сол кезден бастап біздің ауланың қоқысты уақытында алып кетеді", - дейді Мария Тәжібаева.
Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
6
0
0
2
0
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel