Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Дана Нұржігіт: Қадірімді білмейтін адамнан басымды алып қашқаным жақсы болған

Опубликовано:

Қазақстандық танымал журналист, көптеген бағдарламалардың тізгінін ұстаған тележүргізуші Дана Нұржігіттің жүрекжарды жазбасы көпшілікті тәнті етті. Желіде ұлымен бірге түскен суреттерін жариялаған ол оқырмандарына ағынан жарылды деп хабарлайды NUR.KZ.

Тележүргізуші осыдан үш жыл бұрын жалғызсырап, құлазыған көңілін көтеру үшін "жай өзім үшін" деп арнайы фотосессия жасатқанын айтады.

Сондай-ақ, ол өткен нәрселерге еш өкінбейтінін, керісінше орын алған оқиғалардың барлығы тек жақсылыққа әкелгенін жасырмайды.

"Он жыл күтіп, Әлімімді дүниеге әкелгенім қандай жақсы болған!

Сенің қадіріңді білмейтін,жұртыңды сыйламайтын,болдырып қалғаныңды көре тұра аямайтын, сені керек етпейтін адамнан басымды алып қашқаным қандай жақсы болған!

Кедергілерге, ең бастысы - іштегі қоян жүрек үрейге қарамастан өмірді қайта бастағаным қандай жақсы болған! Сүйікті кәсібіме оралғаным, сезімге құшағымды ашқаным...бәрі,бәрі жақсы болған!", - дейді Дана Нұржігіт.

Журналистің оқырмандары болса оған ақжарма тілектерін арнап, жағымды пікірлерін аямай жазды.

"Өзіңізге табиғаты мен мінез-болмысы жақын нәзік жандыларға біраз ой тастап, күш бердіңіз сөздеріңізбен. Сізді рухы мықты жанға балаймын",

"Өмір деген осы... Бұралаңымен, бұлтарыстарымен қызық та, қиын да. Алайда берілмеу керек. Тағдырдың бөгетіне қарсыласып, жеңілмегендер ғана өз бақытына қол жеткізе алады. Дана, дегенмен керемет, ғажап жансың ", - деп жазады жіле қолданушылары.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1749948-dana-nrzigit-kadirimdi-bilmejtin-adamnan-basymdy-alyp-kaskanym-zaksy-bolgan/

pixel