RU
"ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясының үшінші спартакиадасы бүгін өз мәресіне жетті
Жаңалықтар Әлемде

"ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясының үшінші спартакиадасы бүгін өз мәресіне жетті

Рассказать Вконтакте

Астанада Назарбаев университетінің спорт кешенінде өткен "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясының үшінші спартакиадасы бүгін өз мәресіне жетті. Үш күн қатарынан Елорда төрінде өткізілген жарыс мұнайшылардың төл мерекесіне арналды деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Жарысқа елдің түпкір-түпкіріндегі компанияның еншілес және тәуелді кәсіпорындарынан, атап айтқанда "ҚазТрансОйл" АҚ, ПМХЗ ЖШС, АМӨЗ ЖШС, "Өзенмұнайгаз", "Ембімұнайгаз", "Маңғыстаумұнайгаз" АҚ-нан 350 қатысушы келді. Биыл маусым айында басталған спартакиада аясында 3 ай бойына іріктеу кезеңдері өткізілді. Оған мұнай саласының үш мыңға жуық жұмысшысы қатысуға ниет білдірген. Өздерінің спорттағы машықтарын олар спорттың 8 түрі бойынша, нақтырақ айтқанда, шағын футбол, баскетбол, волейбол, үстел теннисі, шахмат, армрестлинг, тоғыз құмалақ және жүзуден көрсетті.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Спартакиаданың жабылу салтанатына "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ басқарма төрағасы Сауыт Мыңбаев қатысып, мұнайшыларды алдағы Ата заң мерекесімен және мұнайшылар күнімен құттықтады. Қатысушыларға белсенді өмірлік ұстанымдары мен салауатты өмір салтын насихаттауға атсалысқандары үшін алғыс білдірді.

Мұнайшылар жарыста кәнігі спортшылардай ойындар көрсетті. "Қазтрансгазойл" кәсіпорынының жетекші маманы Марина Феллер Nur.kz тілшісіне берген сұхбатында бос уақытында бокспен және жекпе-жектің өзге де түрлерімен айналысатынын айтты. Шын мәнінде еш дайындықсыз келіп, бұрыннан жүлде алып жүргендерді басып озған М.Феллер армреслинг бойынша бірінші орын алды. Ал спортқа ол балаларының арқасында келген екен.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

"Балаларды құр ақыл айтып, тәрбиелеу деген бос сөз. Оларды тек өз әрекетіңмен ғана тәрбиелеп, бір бағытқа жол көрсете аласың. Міне, енді қараңыз, балаларыма үлгі боламын деп жүріп, отбасымыз спортпен айналысып кеттік", - дейді Марина.

"ҚазМұнайГаз-Өнімдері" ҰК АҚ бас маманы Тамерлан Ескендіров үстел теннисімен бала кезінен айналысады. Сондықтан ол бұл жолы алғаш үлкен жарысқа қатысып тұрғанына қарамастан соңғы айналымға шыққан 8 үміткердің арасынан жеңімпаз атанды.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

"Менің ойымша, Спартакиада өте жоғары кәсіби деңгейде ұйымдастырылды. Бізге Қазақстанның спорт аренасында үстел теннисінен танымал сарапшы Қарлығаш Исекешова баға берді. Сондықтан бағалау бойынша ешқандай әділетсіздік болмады", - дейді Тамерлан.

Қатысушылардың айтуынша, жалпы алғанда Спартакиада өте жоғары көңіл-күймен, ерекше әсерге толы болып өтті. Әріптестер бір-бірімен бақ сынаса жүріп, достықтарын нығайта түсті.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
0
0
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel