Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Музыка өшіп қалса да әнді жанды дауыста айтқан әнші көпті сүйсінтті (видео)

Опубликовано:

Қазақстандық жас әнші, театр және кино актері Әсет Есжан туған жерінде өткен үлкен шара кезінде қызық жағдайға тап болды. Ол сахнада ән салып тұрған сәтте кенеттен музыка өшіп қалған. Оған еш қысылмаған Әсет тоқтамастан әнін жалғастыра берді деп хабарлайды NUR.KZ.

Алматы облысы, Шонжы ауылында өткен дүбірлі тойда орын алған оқиға туралы әншінің өзі Instagram парақшасында жазады.

"Албанның ішінде Жарты деген атаның баласымын. Бүгін Алматы облысы Шонжы ауылының шетіне атамыздың кесенесі қойылып, сол үлкен шараның ашылу салтанаты болды.

Жарты атамызға құран бағыштап, Жартының атқа мінер азаматтары кесененің лентасын қиды.

Жарты бабамыздың дүниеге келуін баяндайтын театрландырылған көрініспен басталған шара бабамыздың ұрпақтарының қатысуымен өткен үлкен концертке ұласты.

Қырыққа жуық қазақ үй тігіліп, 6-7 мыңнан астам адам жиналып, арты бас жүлдеге автокөлік тігілген тай, құнан, аламан бәйгесімен аяқталды", - деген Әсет театрланған көріністе басты рөлді сомдау бақытына ие болғанын да жазады.

Сондай-ақ, ол әрі қарай өзі бөліскен видеоға қатысты түсінік берген.

"Кеше өздеріңізге сауалнама жолдап, жақсы бағасын алғаннан кейін осы шапанмен, қолыма қамшымды алып, дүр қамшымен xалықтың жігерін сабаласам деген едім, жағдай осылай болды.

Концерттен кейін "Әдейі жасалған!", "Жанды дауыспен айтып тұрмын деп көрсетейін деген ғой", - деген сияқты әңгімені құлағы шалғандар көп екен.

Хайп деген нәрсемен айналыспаймын. Аппаратура жақсы болса әрқашан жанды дауыс қой", - дейді әнші.

Аталмыш видеоға пікір білдірген желі қолданушылары Әсет Есжанның әрекетіне тәнті болып, ақжарма тілектерін арнады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1750258-muzyka-sip-kalsa-da-ndi-zandy-dauysta-ajtkan-nsi-kpti-sjsintti-video/

pixel