Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Самат Смақовты құшақтамақ болған жанкүйерді күзетшілер тоқтата алмады

Опубликовано:

Отандық танымал футболшының мансабын тоқтатуына байланысты өткен соңғы ойнында қызықты оқиға орын алды. Самат Смақовтың футболдан кетуіне орай ұйымдастырылған матчке келген жанкүйерлердің бірі өзінің желаяқтығын паш етіп, сүйікті ойыншысымен жеке қоштасу құқығына ие болды деп жазады diapazon.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: diapazon.kz
Фото: diapazon.kz: UGC

Кеш қаһарманының сөз сөйлеуі кезінде футболшының жанкүйерлері қоршалып тұрған жерден қашып шығып, алаңның ортасына қарай жүгіре жөнелген. Олардың бірі тіпті, алты күзетшіні артына қалдырып, өзіне ілестірмей қойған.

Стадионға жиналған көпшілік желяақ жанкүйерді жігерлендіріп оған өз қошеметін жаудырған. Азамат ақыр-соңы жүйріктілігінің арқасында Самат Смақовқа жетіп, оны құшақтап алды.

Қазақстандық футболдың жарқын жұлдызы өз кзегінде, күзетшілерге алғыр жанкүйеріне тиіспеуін талап еткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1750842-samat-smakovty-ksaktamak-bolgan-zankjerdi-kzetsiler-toktata-almady/

pixel