RU
Лимонмен қандай сырқатты емдеуге болады?
Жаңалықтар Денсаулық және сұлулық

Лимонмен қандай сырқатты емдеуге болады?

Рассказать Вконтакте

Күнделікті қолданыстағы лимон сан дертке ем болып шықты. Сары жемістің шипасы жайлы NUR.KZ порталы ұсынады.

Фото:Так Просто!

Фото:Так Просто!

Лимонды "әмбебап" жеміс деуге де келеді. Тамақ ауырғанда, іш қозғанда, тіпті гепатитте лимонды естен шығармаңыз абзал.

Тамақ ауруы (Ангина)

Тамақ қатты ашыған кезде бір лимонның жартысын қабығымен жеңіз. Ащы, бірақ өте пайдалы. Сонымен қатар, лимон шырынымен тамақты шаюға болады. Оны сумен араластырып, бір күн бойы әр сағат сайын жеңіл шайып отырасыз.

Бронхит

Егер бронхитке дейін жетсеңіз тазаланған ақжелкектің 50 грамын 2-3 лимонның шырынымен араластырасыз. Сосын шәй қасықпен күніне төрт рет қабылдап отырасыз. Сонымен қатар, сарымсақ пен лимон қоспасы да асқынған бронхиттің алдын алады. Ол үшін 5 лимонды қабығымен және 4 бүтін сарымсақты майдалап, араластырасыз. Содан кейін, бір литр су қосыңыз. Сосын қараңғы жерде бес күн сақталуы тиіс. Дайын болған дүниені күніне 3 рет тамақтанудан 20 минут бұрын қабылдау керек.

Тұмау

Шәйға дәрілік шөптермен қоса лимонды да салып ішіңіз. Алдымен суға қырмызы, жалбыз, шәлім мен жолжелкендерді салып қайнату керек. Осындай әмбебап қоспа ағзадағы кальцийдің мөлшерін теңгереді. Ал кальций дене температурасының төмендеуіне таптырмас ем болады.

Гипотания

Артериалды қан қысымы төмендеген кезде 5-6 лимонды еттурағыштан өткізіңіз. Дайын болған лимонды пюреге бадан жапырағының туралғанын салыңыз. Сосын оны қайнаған суға қосып, 36 сағат мұздатқышта сақтаңыз. Ал содан кейін жарты килограмм бал араластырыңыз. Барлығын жақсылап араластырғаннан кейін тағы 25 сағатқа мұздатқышқа қоясыз. Сосын күнде үш мезгіл тамақтан 30 минут бұрын қабылдаңыз. Жазылу мерзімі – үш апта.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
1
1
4
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel