RU
Ақтөбеде оқуға енді түскен жас қызды сабақ үстінде алып қашып кеткен
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Ақтөбеде оқуға енді түскен жас қызды сабақ үстінде алып қашып кеткен

Рассказать Вконтакте

Ақтөбедегі Марат Оспанов атындағы медициналық университеттің 1 курс студенті сабақ үстінде жігітімен қашып кеткен. Болашақ дәрігердің ата-анасы оқытушылардан жағдайға араласпауын сұрап отыр. Бұл туралы өңірдегі NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Ақтөбеде бірінші курс студентін сабақ үстінде алып қашып кеткен

Көрнекі фото:Today.kz

"Бұл жағдаймен таныспыз. Кешегі жұма күні алып қашу жағдайы болды. Студентіміз сол күні сабақта болды. Сабақ біткен кезде сағат үштер шамасында орын алып тұр. Сол күні қыздың ата-анасы бізге хабарласып әзірге араласпауымызды өтінді", - дейді медициналық университет оқытушысы.

Оқуға түскеніне бір апта болмай күйеуге шығып кеткен қыз Маңғыстау облысынан. Оны алып қашқан жігіт те ауылынан екен.

"Группасындағы қыздардың бәрі біліп отыр. Соған қарағанда осыған дейін айтылған әңгіме сияқты. Алып қашып кеткен қыздың туысы бізде жоғары курста оқиды. Қыздың ата-анасы осы жаққа келетіндерін айтты", - дейді университет оқытушысы.

Сабақ үстінде жігіті алып қашып кеткен студентке қатысты полицияға арыз түспеген.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
4
3
1
0
1
6
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel