RU
Ақтөбеде орын алған жарылыстан екі адамның денесі 90 пайызға күйіп қалды
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Ақтөбеде орын алған жарылыстан екі адамның денесі 90 пайызға күйіп қалды

Рассказать Вконтакте

Ақтөбеде жанар-жағармай сақтау қоймасында жарылыс болды. Үстеріне бір машина бензин құйылған екі оператордың денелері 90 пайызға күйіп кеткен деп хабарлайды NUR.KZ порталының өңірлік тілшісі.

Фото: SN.kz

Фото: SN.kz

"Біздің ауруханаға 10 қыркүйек күні сағат 2-лер шамасында екі науқас түсті. 55 жастағы әйел адам мен 38 жастағы ер адамның денелерінің 80-90 пайызы күйік шалған. Қазір екеуі де жансақтау бөлімінде жатыр. Жағдайлары өте ауыр", - дейді жедел жәрдем ауруханасының бас дәрігері Сәкен Капанов.

Төтенше жағдай Мәртөк трассасы бойындағы "Sinooil" компаниясының жанар-жағармай сақтау қоймасында түс кезінде болған. Жанар-жағармай таситын жүк көлігі қойма ішінде атылып, жанында тұрған екі оператор күйіп қалған. Ал тек қолынан жарақат алған жүк көлігінің жүргізушісі бір күннен кейін ауруханадан шығарылды.

Денелері 90 пайызға күйіп кеткен екі оператордың туыстары екі күннен бері аурухананы күзетіп жүр.

"Бүгінгі күні арнайы комиссия құрылып, компанияда тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Оқиғадан үш зардап шегуші бар. Барлығы да қаладағы ауруханаға жеткізілді", - дейді еңбек инспекторы Жолмұрат Жұбаназаров.

Денелері 90 пайызға күйіп жансақтау бөлімінде жатқан 55 жастағы Зибагүл Түменбаеваның үш баласы, 38 жастағы Серікбай Палвановтың бес баласы бар. Ер адам үйіндегі жалғыз асыраушысы екен.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
2
3
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel