RU
Өскеменде үш жігіт тапа-тал түсте таксисті тұншықтырып, көлігін мініп кеткен
Жаңалықтар Қоғам

Өскеменде үш жігіт тапа-тал түсте таксисті тұншықтырып, көлігін мініп кеткен

Рассказать Вконтакте

Өскеменде 10 қыркүйек күні белгісіз біреулер тапа-тал түсте такси жүргізушісін тұншықтырып, көлігін мініп кеткен деп хабарлайды AltayNews.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Өскеменде үш жігіт тапа-тал түсте таксисті қылқындырып, көлігін мініп кеткен

Көрнекі фото: kuban24.tv

Зардап шегуші 51 жастағы ер адам көлікке 3 жігіттің отырып, Самсоновка ауылына жақындаған кезде жолаушылардың бірі тоқтауын өтініп, қылғындыра жөнелгенін айтады.

Есін жия сала «Daewoo» көлігінің иесі «102» нөміріне хабарласқан. Патрульді қызмет түскен хабарламаға қатысты бірден әрекет етіп, қылмыскерлерді құрықтаудың амалын жоспарлайды.

Зардап шегушінің берген ақпаратынан кейін барлық патрульдік топтарға ұрланған көлік пен бұзақылар туралы ақпарат таратылып, тәртіп сақшылары қылмыскерлердің ізін суытпай құрықтады.

Белгілі болғандай, адам өміріне қастандық ойлаған үш жігіттің 20, 22 және 23 жаста екендіктері анықталды. Сонымен қатар, бұзақылар көлік ұрлығына қатысты жоспарды алдын ала құрған, өйткені олардың Мариногорка ауылына жететін көліктері болмаған.

– Бұзақыларды Өскемен-Самар тас жолының 123 шақырымында ұстадық. Патрульдік қызметтің жедел жұмысының арқасында құқықбұзушыларды тез табылды, – дейді ШҚО ІІД ЖППБ қызметінің инспекторы, аға лейтенант Тыныс Ахатбеков.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
3
1
0
0
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel