RU
Әйел болғысы келетін қазақ жігіті ел алдында бар сырын жайып салды (видео)
Жаңалықтар Қоғам

Әйел болғысы келетін қазақ жігіті ел алдында бар сырын жайып салды (видео)

Рассказать Вконтакте

Отандық бағдарлама аясында кішкентай кезінен бастап өзін нәзік жанды ретінде сезінген ер жігіт оқиғасымен бөлісті. Ұзақ уақыт бойы өз арманын жасырып келген ол енді жынысын ауыстырып тастауға бекінген. Көрермендер қазақ баласының бұл әрекетіне жаға ұстап, өз наразылығын білдіруде деп жазады NUR.KZ.

Фото: Скриншот

Фото: Скриншот

"Өз ойым" бағдарламасының Instagram парақшасында қызу талқыға түскен бағдарлама түсірілімінің үзінділері жарияланған. Онда жас жігіт бұрын-соңды ешкіммен ашылып, бөліспеген сырын жайып салды.

Айтуынша, кіші кезінен нақтырақ айтсақ, бірінші сыныптан бастап өзін қыз ретінде сезінген ол жынысын ауыстыруды арман еткен.

Алайда, толық отбасында дүниеге келген қазақ баласын өз жанұясы қолдамаған көрінеді. Олар ер баланың әйел болып өзгергісі келетініне қарсылық көрсеткен.

"Мен 20 жасқа келгенде оларға айта, ашыла бастағанымда олар мені түсінбеді", - деп айтты ол.

Өзін мүлде ер адам ретінде санай алмаған жігіт бүгінде ата-анасымен ара-қатынасы өте ауыр жағдайға тап болған. Отбасы туралы сұраққа ол жауап беруден бас тартып, көз жасын тыя алмады.

Бағдарламаның бұл саны желіде өте қызу талқыланып, мыңдаған пікір жинаған. Олардың көпшілігі жігіттің шешімін қолдамайтындарын білдірген. Санаулы адамдар ғана, заманауи өмірде бұл қалыпты әрі ерсі емес құбылыс екенін айтып ақтауға тырысты.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
14
5
2
4
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel