RU
Ләйлә Сұлтанқызы әлемнің ауқатты адамдары қатарына кіру үшін барын салмақ
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Ләйлә Сұлтанқызы әлемнің ауқатты адамдары қатарына кіру үшін барын салмақ

Рассказать Вконтакте

Отандық танымал тележүргізуші өзін парақшасында үнемі жарнама жасайды деп сөккендерге шүйлігіп, оның да басқлар іспетті табысқа кенелгісі келетінін айтты. Оған қоса, Ләйлә Сұлтанқызы "Forbes"-тің ауқатты адамдар қатарына кіруге дәмелі екенін жасырмады деп жазады "Ревю" бағдарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Ләйлә Сұлтанқызы өзінің кейбір оқырмандарына ренішін жеткізді. Танымал тележүргізуші өзіне жарнама жасай беретіні үшін кінәлайтындарға жауап берді.

"Кешірерсіз. Басқаша қалай сонда? Ким Кардашьянның сіңлісі 20 жасқа келіп Forbes тізіміне кіріп алса, мен 40-қа келіп әлі де онда жоқпын. Сонда менің кіруіме мүлде хақым жок па әлде?", - деп айтты тележүргізуші.

Отандық жұлдыз не болса да сол ауқаттылар тізімінде бой көрсетуге бекінген. Ол үшін өзі бой көрсетіп жүрген әр саланы мейілінше ұтымды пайдаланып, үлкен табысқа қол жеткізбекші.

Оған қоса, Ләйлә Сұлтанқызы жақын арада жаңа бизнесін іске қоспақ. Ол түрлі тәттілерді әзірлейтін кондитерлік орталықты ашады.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
5
2
1
0
0
5
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel